Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері

1 неделя назад


NurSultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 500 000 ₸ - 1 000 000 ₸ в год
Описание компании

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті, Назарбаев Университеті

Описание вакансии

Лауазымның мақсаты (бағыты)

Студенттердің сабақтан тыс қызметке қатысуының кешенді жүйесін ұйымдастыру және дамыту, студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқаруды үйлестіру және қолдау, студенттік белсенділік бағдарламаларын талдау және жетілдіру – студенттік өмір сапасын арттыру және университеттің корпоративтік мәдениетін нығайту мақсатында.  

Міндеттер (мақсаттар, негізгі жауапкершілік салалары және функциялар)

1. Студенттік бастамаларды стратегиялық жоспарлау және дамыту:

1) Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын арттыруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру;

2) Іс-шаралардың тиімділігін талдау және оларды оңтайландыру мен кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) Студенттердің қажеттіліктері мен қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, студенттік белсенділіктің жаңа форматтарын ұсыну және жүзеге асыру.

2. Студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқаруды үйлестіру және қолдау:

1) Студенттік ұйымдарды құру және дамыту процесін басқару, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

2) Студенттік кеңестер мен өзін-өзі басқарудың өзге де түрлерінің қызметін үйлестіру, студенттік қауымдастықтарда көшбасшылық құзыреттерді дамыту;

3) Студенттік бастамалардың көшбасшыларына арналған оқыту, тәлімгерлік және кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Талдау, есеп беру және ақпараттық қолдау:

1) Студенттік белсенділік бойынша мәліметтерді жинау, жүйелеу және талдау, университет басшылығына кешенді есептер дайындау;

2) Студенттік іс-шаралар мен жобалар дерекқорының өзектілігін қамтамасыз ету және оны дамыту;

3) Студенттердің олимпиадаларға, байқауларға, конференцияларға, форумдарға және түрлі деңгейдегі жобаларға қатысуына ақпараттық қолдау көрсету.

4. Коммуникация және бөлімдер арасындағы өзара іс-қимыл:

1) Ақпараттық хабарламалар, науқандар және онлайн-платформалар арқылы студенттермен коммуникациялық арналарының жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;

2) Студенттік белсенділік пен әкімшілік процестер бойынша, оның ішінде білім алушыларды әскери есепке алу мәселелері бойынша, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру;

3) Студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында сыртқы ұйымдармен серіктестік байланыстар орнатуға қатысу;

4) Университет білім алушыларын әскери есепке алу ісін қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес жүргізу және үйлестіру.

5. Процестер сапасын бақылау және жетілдіру:

1) Студенттік жобалар мен іс-шараларды іске асыру барысын бақылау, олардың белгіленген стандарттар мен талаптарға сәйкестігін бағалау;

2) Студенттердің белсенділігінің сапасын арттыру мақсатында бағалау және кері байланыс механизмдерін енгізу;

3) Іс-шаралар мен студенттердің белсенділігі нәтижелері бойынша аналитикалық материалдар дайындау, үрдістер мен жақсартуды қажет ететін бағыттарды анықтау;

4) Басқарушылық шешімдер қабылдау және студенттік саясатты жетілдіру үшін аналитикалық деректерді пайдалану;

5) Студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттар мен рәсімдерді әзірлеуге қатысу.

Требования к квалификации

Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

Менеджмент, білім беру менеджменті, іскерлік әкімшілік немесе мемлекеттік басқару салаларында жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

1) Тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

2) Сол саладағы магистр дәрежесі болған жағдайда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Дополнительная информация

Білімдерге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:

Білімдері:

1) Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет және жастар саясаты саласындағы заңнамасын білу;

2) Солтүстік Америка мен Ұлыбританияның білім беру жүйесін білу;

3) MS Office бағдарламаларын: Word, Excel, PowerPoint білу;

4) Студенттік бастамаларды тарту, фасилитациялау және қолдау әдістемесін білу;

5) Жобаларды ұйымдастыру және басқару тәжірибесі.

Дағдылары:

1) Көп компонентті студенттік жобаларды жоспарлау және үйлестіру дағдылары;

2) Студенттік көшбасшыларға тәлімгерлік жасау және оларды сүйемелдеу;

3) Оқыту кездесулерін, презентациялар мен фасилитациялық сессияларды өткізу дағдылары;

4) Талдау жазбаларын, түсіндірме анықтамаларын және презентациялар дайындау дағдылары.

Құзыреттері:

1) Жобаларды дербес бастамалап, алға жылжыту қабілеті;

2) Студенттермен және әріптестермен нәтижелі өзара әрекет орнату қабілеті;

3) Мәліметтерді талдау және негізделген қорытындылар жасау қабілеті;

4) Ауызша және жазбаша түрде тиімді коммуникация жүргізу қабілеті;

5) Студенттердің көшбасшылық әлеуетін дамыту қабілеті;

6) Белгісіздік, қысқа мерзімдер және жоғары жұмыс жүктемесі жағдайында тиімді жұмыс істеу қабілеті.

Тілдерді білуге қойылатын талаптар

Іскерлік хат алмасуды, құжаттаманы, талдамалық материалдарды тиімді жүргізу, студенттермен және басқа құрылымдық бөлімшелермен, консультанттармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values



  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 1 500 000 ₸ - 2 000 000 ₸ в год

    Описание компании Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті, Назарбаев Университеті Описание вакансии Лауазымның мақсаты (бағыты)Студенттердің тұру жүйесін стратегиялық маңызды үйлестіру мен...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание компании Құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Описание вакансии 1) Университеттің құжаттау, құжаттаманы басқару саласындағы қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Company Description Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университет Job Description Аға маркетинг менеджері келесі міндеттерді орындайды және жауапты:1) Мектептің бағдарламаларын ілгерілету...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание вакансии 1) Мектептің маркетингтік және коммуникациялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру;2) Мектептің БАҚ-пен жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу және іске асыру (Қазақстандық және...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 600 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание вакансии 1) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерін тіркеуді, есепке алуды, беруді және сақтауды жүзеге асырады, шешімдерде берілген тапсырмалардың орындалуын...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание компании Назарбаев Университетінің Медицина мектебі 2015 жылы Питтсбург Университетінің медицина мектебімен бірлесіп құрылды және ағылшын тілінде оқытатын американдық стильдегі оқу...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание компании "Nazarbayev University Research Administration" Жеке Мекемесі (NURA) Университетте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға, Сондай-ақ Университет...

  • HR менеджер

    1 неделя назад


    Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 500 000 ₸ - 1 000 000 ₸ в год

    Company Description Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университет Job Description Менеджер келесі Еңбек міндеттерін орындайды:1) мектептің академиялық, әкімшілік, әкімшілік-академиялық құрамы...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 600 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Job Description Менеджерге келесі функциялар жүктеледі: бөлімше немесе Университеттің басқа да құзыретті құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ еншілес ұйымдары өткізетін елеулі іс-шараларын...

  • Сату менеджері

    1 неделя назад


    Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан БІЛІМ CONSULTING Полный рабочий день 500 000 ₸ - 1 000 000 ₸ в год

    Geonline ҰБТ-ға география пәнінен дайындайтын орталық. Мақсатымыз- оқушыларды география пәнінен мықты нәтижеге жеткізу, беделді ЖОО-ға түсіріп, мықты маман иесі болуына септігін тигізу. Компанияның...