Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің менеджері

1 неделя назад


NurSultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 1 500 000 ₸ - 2 000 000 ₸ в год
Описание компании

Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті, Назарбаев Университеті

Описание вакансии

Лауазымның мақсаты (бағыты)

Студенттердің тұру жүйесін стратегиялық маңызды үйлестіру мен дамытуға жауап береді, оның ішінде орналастыруды жоспарлау, қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру, инфрақұрылымды жаңғырту және инклюзивті орта қалыптастыру. Жоғары деңгейдегі кросс-функционалды байланыстың және әртүрлі мүдделердің жағдайында әрекет етіп, Университеттің студенттік өмір және әл-ауқат саласындағы мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін тұрақты үдерістерді қалыптастырады.  

Міндеттер (мақсаттар, негізгі жауапкершілік салалары және функциялар)

1. Студенттердің тұруын ұйымдастыру және үйлестіру:

1) Студенттердің жатақханаларға орналасу үдерістерін жоспарлайды және үйлестіреді, тұрғын үй қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

2) Студенттердің категорияларын, маусымдық ауытқуларды, алмасу бағдарламаларын және ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, орналастыру схемаларын әзірлейді және жүзеге асырады.

3) Қолданбалармен, тізімдермен және ішкі жүйелермен жұмыс істеуді қоса алғанда, орналасу және көшу үдерістерінің мерзімдері мен стандарттарының сақталуын бақылайды.

4) Тұрғын студенттер туралы ақпарат жинауды және жаңартуды ұйымдастырады, университеттің есептеу және ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттеседі.

2. Инфраұрылымды дамыту және тұру шарттарын жақсарту:

1) Жатақханалар инфрақұрылымын және студенттердің тұру жағдайларын жақсарту бойынша стратегиялық бастамаларды әзірлеуге және енгізуге қатысады.

2) Қызметтерді жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және студенттердің қанағаттанушылығын арттыру бойынша ұсыныстар жасайды.

3) Тұру жағдайларының мониторингін жүзеге асырады және анықталған мәселелерді жою шараларын университеттің профильдік қызметтері және/немесе ЖШС «USM» серіктестігімен бірлесіп бастайды.

3. Студенттік қауымдастықтар және қолдау бағдарламалары бойынша жұмыс:

1) Жатақхана старостарының (Resident Assistants) қызметін басқарады, оның ішінде іріктеу, оқыту, бақылау және қолдау.

2) Студенттермен өзара әрекеттесу және ережелерді сақтау мәселелері бойынша старостарға арналған тұрақты тренингтер, нұсқаулықтар және кеңес беруді ұйымдастырады.

3) Кампусте тұратын студенттер арасында наставничество, адаптация, инклюзия және өзара көмек бағдарламаларын әзірлейді және енгізеді.

4) Студенттердің өзара әрекеттесуін, қолдау атмосферасын дамыту және жатақханалардағы дауларды алдын алу бойынша ұсыныстар жасайды.

4. Құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесу және үдерістерді үйлестіру:

1) Тұру мәселелері бойынша ішкі құрылымдық бөлімшелермен өзара әрекеттесуді қалыптастырады.

2) Кампустың өміріне қатысты жұмыс кездесулері, жобалық топтар және кросс-функционалды бастамаларды бастайды және үйлестіреді.

3) Тұрғын үй саясаты бойынша анықталған бұзушылықтар мен ауытқуларды жою шешімдерінің жүзеге асырылуын бақылайды және қамтамасыз етеді.

5. Талдау, нормативтік сүйемелдеу және есеп беру:

1) Студенттердің тұруына қатысты статистикалық және сапалық деректерді жинау, талдау және визуализациялау жұмыстарын жүргізеді; жалпы аналитикалық есептерді дайындайды.

2) Тұруға қатысты ішкі нормативтік құжаттар, процедуралар мен регламенттерді өзгерту немесе әзірлеу бойынша ұсыныстар жасайды.

3) Студенттердің тұру мәселелері бойынша бөлімше және Университет басшылығы үшін аналитикалық және сараптамалық материалдар дайындайды.

4) Студенттердің қанағаттанушылығын бағалау және даму бағыттарын анықтау үшін сауалнамалар, зерттеулер және кері байланысты өткізуге қатысады.

5) Кампусте тұру контекстінде позитивті және тұрақты студенттік орта қалыптастыруға бағытталған жобалар, бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысады.

Требования к квалификации

Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

Менеджмент, білім басқару, қаржы және мемлекеттік басқару салалары бойынша жоғары кәсіби білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

1) Тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

2) Сол саладағы магистр дәрежесі болған жағдайда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Дополнительная информация

Білімдерге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:

Білімдері:

1) Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет және жастар саясаты саласындағы заңнамасын білу;

2) Солтүстік Америка мен Ұлыбританияның білім беру жүйесін білу;

3) MS Office бағдарламаларын: Word, Excel, PowerPoint білу;

4) Наставничество, кураторлық және инклюзивті тұрғын орта қалыптастыру әдістемесін білу;

5) Жобаларды ұйымдастыру және басқару тәжірибесі.

Дағдылары:

1) Студенттердің тұруға орналасуын, көшуін және есепке алуын ұйымдастыру және үйлестіру дағдылары;

2) Қаржылық-экономикалық талдау әдістерін меңгеру;

3) Қағаз айналымын (соның ішінде электрондық) ұйымдастыру және қолдау дағдылары;

4) Талдау жазбаларын, түсіндірме анықтамаларын және презентациялар дайындау дағдылары.

Құзыреттері:

1) Студенттердің тұру үдерістерін жүйелі басқару қабілеті;

2) Студенттермен сенімді өзара әрекет орнату қабілеті;

3) Бастамаларды әзірлеу және енгізу қабілеті;

4) Қазіргі үдерістерді талдап, шешімдер ұсыну қабілеті;

5) Тұру ережелерінің сақталуын бақылау қабілеті;

6) Белгісіздік жағдайында, қысқа мерзімде және жоғары жүктемемен тиімді жұмыс істеу қабілеті.

Тілдерді білуге қойылатын талаптар

Іскерлік хат алмасуды, құжаттаманы, талдамалық материалдарды тиімді жүргізу, студенттермен және басқа құрылымдық бөлімшелермен, консультанттармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values



  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 500 000 ₸ - 1 000 000 ₸ в год

    Описание компании Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті, Назарбаев Университеті Описание вакансии Лауазымның мақсаты (бағыты)Студенттердің сабақтан тыс қызметке қатысуының кешенді жүйесін...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание компании Құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Описание вакансии 1) Университеттің құжаттау, құжаттаманы басқару саласындағы қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Company Description Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университет Job Description Аға маркетинг менеджері келесі міндеттерді орындайды және жауапты:1) Мектептің бағдарламаларын ілгерілету...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание вакансии 1) Мектептің маркетингтік және коммуникациялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру;2) Мектептің БАҚ-пен жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу және іске асыру (Қазақстандық және...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 600 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание вакансии 1) Университет басшылығының негізгі қызмет бойынша шешімдерін тіркеуді, есепке алуды, беруді және сақтауды жүзеге асырады, шешімдерде берілген тапсырмалардың орындалуын...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание компании Назарбаев Университетінің Медицина мектебі 2015 жылы Питтсбург Университетінің медицина мектебімен бірлесіп құрылды және ағылшын тілінде оқытатын американдық стильдегі оқу...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Описание компании "Nazarbayev University Research Administration" Жеке Мекемесі (NURA) Университетте ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға, Сондай-ақ Университет...

  • HR менеджер

    1 неделя назад


    Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 500 000 ₸ - 1 000 000 ₸ в год

    Company Description Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университет Job Description Менеджер келесі Еңбек міндеттерін орындайды:1) мектептің академиялық, әкімшілік, әкімшілік-академиялық құрамы...


  • Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 600 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год

    Job Description Менеджерге келесі функциялар жүктеледі: бөлімше немесе Университеттің басқа да құзыретті құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ еншілес ұйымдары өткізетін елеулі іс-шараларын...

  • Сату менеджері

    1 неделя назад


    Nur-Sultan, Nur-Sultan, Казахстан БІЛІМ CONSULTING Полный рабочий день 500 000 ₸ - 1 000 000 ₸ в год

    Geonline ҰБТ-ға география пәнінен дайындайтын орталық. Мақсатымыз- оқушыларды география пәнінен мықты нәтижеге жеткізу, беделді ЖОО-ға түсіріп, мықты маман иесі болуына септігін тигізу. Компанияның...