Студенттерді оқуға тартуды басқару департаментінің бөлімінің Аға менеджері, Алматы

1 день назад


Almaty, Almaty, Казахстан Nazarbayev University Полный рабочий день 900 000 ₸ - 1 200 000 ₸ в год
Описание компании

Студенттерді оқуға тартуды басқару департаменті, Назарбаев Университеті

Описание вакансии

Аға менеджер келесі еңбек міндеттерін орындайды:

  1. Университет алдындағы дайындық, бакалавриат, магистратураның дайындық жылы бағдарламалары (бұдан әрі – Университеттің академиялық бағдарламалары) бойынша Университетте оқуға талапкерлерді/үміткерлерді тарту мақсатында Қазақстан Республикасында және Орталық Азия елдерінде рекрутингтік және маркетингтік іс-шараларды жоспарлайды, жүзеге асырады және үйлестіреді;
  2. Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, шетелдік серіктестермен, білім беру ұйымдарымен, мамандандырылған ұйымдармен және басқа да органдармен рекрутингтік іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өзара әрекеттеседі;
  3. Бөлімшенің қазақстандық және халықаралық білім беру көрмелеріне қатысуын ұйымдастырады және Университет пен оның академиялық бағдарламаларын әлеуетті талапкерлерге/үміткерлерге таныстырады;
  4. Университет мектептерінің рекрутингтік және маркетингтік іс-шаралар жоспарын қалыптастыруға, келісуге және іске асыруға қатысады және қажет болған жағдайда Университеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыру мақсатында олардың орындалуына мониторинг жүргізеді;
  5. Университеттің академиялық және әкімшілік құрылымдық бөлімшелері ұйымдастыратын іс-шараларға қолдау көрсетеді;
  6. Университеттің рекрутингтік іс-шараларына қатысты ақпараттық бөлімдерді Университеттің ресми веб-сайтында жүргізуге ұсыныстар береді және құрылымдық бөлімшелерге көмек көрсетеді;
  7. Бөлімшенің бюджетін тиімді жоспарлауға және орындауға ықпал етеді;
  8. Бөлімшенің қызметін жоспарлау, талдау және ұсыныстар дайындауға қатысады;
  9. Талапкерлердің/үміткерлердің электронды деректер базасымен жұмыс істейді;
  10. Талапкерлердің/үміткерлердің рекрутингі процестерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша Бөлімше басшысына ұсыныстар береді;
  11. Бөлімше басшысы мен Университет басшылығының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындайды;
  12. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Жұмыс берушінің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
  13. Еңбек және қызметтік тәртіпті сақтауға жауапты;
  14. Ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар құпия және қызметтік ақпаратты, сондай-ақ шектеулі қолжетімділік ақпаратын заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес жария етпеуге және таратпауға жауапты;
  15. Жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттарды, цифрлық ақпаратты, мүлікті Бөлімше басшысының нұсқауы бойынша басқа жұмыскерге уақытылы тапсыруға (қабылдау-тапсыру актісі бойынша) жауап береді.
Требования к квалификации

Білім:

  • Жоғары кәсіби білім, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындары түлектеріне басымдық беріледі
  • Магистр дәрежесінің болуы құпталады

Жұмыс тәжірибесі:

  • Тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс өтілі
  • Тиісті салада магистр дәрежесінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі

Білуі қажет:

  • Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу
  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру
  • Microsoft Word, Excel, PowerPoint, Canva бағдарламаларын жоғары деңгейде меңгеру
  • Маркетинг және қоғаммен байланыс саласындағы базалық білімі

Дағдылар:

  • Кәсіби пайымдауды қолдана отырып, мәселелерді шешу
  • Аналитикалық дағдылар
  • Мәліметтер базасымен және үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу
  • Есептер, баяндамалар және аналитикалық жазбалар дайындау
  • Әртүрлі мәдениеттер мен ұлт өкілдерімен жұмыс істей білу
  • Бюджетті жоспарлау
  • Коммуникация дағдылары
  • Презентация жасау дағдылары
Дополнительная информация

Басқа талаптар:

  • Лидерлік қасиеттер
  • Командада жұмыс істеу және тиімді қарым-қатынас орнату
  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Жауапкершілік
  • Бастамашылдық

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values